ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

Жаңалықтар » Жалпы

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімдерімен:
Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне;
Ермек Амантайұлы Алпысов Талдықорған қаласының әкімі қызметіне;
Қаныбек Құлжабайұлы Айтжанов Текелі қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.
Махаббат Сәдуақасұлы БИГЕЛДИЕВ
1961 жылы туған. Алматы сәулет құрылыс институтын бітірген, мамандығы бойынша құрылыс инженері.
Еңбек жолын Күрті ауданы, Ақши ауылындағы жылжымалы механикаландырылған колоннасының ағаш шебері болып бастаған. Әр жылдарда Күрті аудандық коммуналдық мекемесінің бас инженері, бас сәулетші, Күрті селолық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, Талғар аудандық жылу жүйелері мекемесінің директоры, «Алматытеплокоммуноэнерго» МКК бас директоры, Талғар ауданының Нұра және Тұздыбастау ауылдық округтерінің әкімі, Жамбыл және Қарасай аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
2011 жылдың сәуір айынан – Талдықорған қаласының әкімі.


Ермек Амантайұлы АЛПЫСОВ
1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша география және биология пәнінің оқытушысы, экономист.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін Алматы қаласындағы «Бектауата» ЖШС бухгалтері, Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2008 жылдан – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.







Қаныбек Құлжабайұлы АЙТЖАНОВ
1964 жылы туған. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, «Қайнар» университетін бітірген, мамандығы – мал дәрігері, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын Шамалған ауылындағы сүт кешенінің аға мал дәрігері болып бастады. Әр жылдарда Шамалған кеңшары директорының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының инспекторы, бөлім бастығы, Қарасай ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылдың қыркүйегінен – Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.




Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен;
Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев Талдықорған қаласының әкімі қызметінен;
Серікжан Іслямұлы Бескемпіров Текелі қаласының әкімі қызметінен босатылды.
  • Мерзімі: 25.01.2012
  • Оқылған: 130
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y