Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт сарайында жастар арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтті.
Осы жарыста ел чемпионатына баратын құрама команда іріктеліп алынды. Додаға Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Панфилов, Көксу, Балқаш, Ақсу, Талғар, Іле, Райымбек аудандары өз үміткерлерін үкілеп қосты. Күрес кілемінің үстінде сегіз салмақ дәрежесі бойынша жүзге жуық палуан белдесті.
медаль саны бойынша командалық есепте талдықорғандықтар бірінші орынды иеленсе, "Дәулет-Жаркент" спорт клубы еншісіндегі алты медальмен екінші орынға табан тіреді. Панфилов ауданының өрендері де жүлдемен қайтты.





























