ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

Жаңалықтар » Жалпы

Жыл қорытындысы шығарылып, алға міндеттер қойылды

Бүгін облыс әкімдігінде әкімдік мәжілісі өтті. Облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың төрағалығымен өткен жиында 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер, облыстағы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен салдарын жою бағытында 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов баяндама жасады. Баяндамашының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылды Алматы облысы табысты аяқтаған. Аграрлық секторда 286 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінде өсім 9,8 пайызды құрап, өндірілген өнім құны 423 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 347 млрд. теңге.
Индустрияландыру картасы аясында 9,6 млрд. теңгеге 10 нысан іске қосылды.
Шағын және орта бизнесті дамыту да негізгі басымдық болып қалуда. 2011 жылы кәсіпкерлік субъектілерімен 584 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке түсімдер – 15,5 млрд. теңгені, өсім 22 пайызды құрады. Бұл салада барлығы 289 мың адам жұмыс жасайды.
Сонымен қатар Амандық Ғаббасұлы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, бағаны тұрақтандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, әлеуметтік салалардағы көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстар туралы толыққанды мәлімет берді.
Екінші мәселеге орай облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Сергей Салагаев баяндама жасады.
Әкімдік мәжілісін түйіндеген облыс әкімі Аңсар Мұсаханов биылғы жылы алға қойылатын міндеттерді атап өтті. Олардың қатарында үстіміздегі жылы репродуктор-шаруашылықтар құру бойынша жоспарланған межеге жету,- мемлекеттік қолдау түрлерін жан-жақты пайдаланып, мал қыстақтарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау, индустрияландыру картасына енген жобалардың толық қуатына шығуын және өңдеу өнеркәсібіне тартылатын инвестициялардың өсімін қамтамасыз ету, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына кәсіпкерлерді кеңінен тарту жұмыстарын жандандыру, тұрақтандыру қорының жұмысын күшейтіп, азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдау, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі, дәрігерлік амбулаориялар салу, әлеуметтік сала бойынша «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салу қарқынын жылдамдату сияқты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
«Биылғы жылға жоспарланған мақсаттарды жүзеге асыру барлығымыздан үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбек етуімізді талап етеді. Бұл жөнінде жылдың басында өздеріңізбен кездесу барысында айтылды. Ендігі кезекте, сөзден нақты іске көшуіміз қажет», - деді әкім өз сөзінде.
  • Мерзімі: 26.01.2012
  • Оқылған: 195
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y