60 балаға лайықталған жаңа мектепке дейінгі мекеме құрылысының жобалаушысы – «Арлан-жоба құрылыс» ЖШС, ал бас мердігері – «Гәкку құрылыс» ЖШС. Жалпы алаңы 730 шаршы метрді құрайды.
Бүгінгі күнге Талдықорған қаласында 11 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақша жұмыс істеуде. Сонымен қатар 4 мемлекеттік және 2 жекеменшік мектепке дейінгі шағын орталық іске қосылған. Бұрынғы балабақша ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілуде.






























